Шымкент әкімдігі Қаңтарда қаза болған туыстарына арнап ас өткізуді талап еткен тұрғындар өтінішін орындаудан бас тартты

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев марқұмдардың туыстарына шараны өткізуге мүмкіндік жоқ деп жауап қайтарған.

Қаңтар құрбандарының туыстары қала әкіміне 5-6 қаңтарда алаңға жиналып, марқұмдарға құран бағыштайтынын ескертіп, өтініш қалдырды.

Алматыда да Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған азаматтардың туыстары жергілікті биліктен қанды қырғынның екі жылдығы қарсаңында марқұмдарға арнап еске алу шарасы мен ас өткізіп беруді талап етті. Әкімдік «бюджет тарапынан қаржы көрсетілмеді» деп жауап берген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *